Ultimate magazine theme for WordPress.

- реклама -

Қытайда тұмау өршіп тұр

0

Қытайда тұмау өршіп тұр. Респираторлық вирус әсіресе балалар арасында жылдам таралуда. Тіпті, Covid-19 пандемиясымен салыстырғанда ауруға шалдыққан науқастардың саны күрт артқан. Қытайлық ғалымдар коронавирустан айыққан адамдардың иммунитеті респираторлық инфекциялар кезінде қатты әлсірейтінін айтады. Яғни, ковидтен кейін науқастардың өкпесі мен иммундық жүйесі зақымдалады. Сондықтан қазір вирус жұқтырып сырқаттанғандар көп екен. Қытайда аурудың бұрын-соңды болмаған өсуі байқалады. Яғни, коронавирустан емделген адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі немесе өмір бойы демікпеден зардап шегуі мүмкін дейді ғалымдар.
У ЧЖИВЭЙ, Нанкин университеті қоғамдық денсаулық сақтауды зерттеу орталығының директоры:
— Қыстың келуімен респираторлық инфекциялар, тұмау және микоплазмалық пневмония сияқты тыныс алу жолдарының көптеген инфекциялары тіркелді. Алдағы үш жыл ішінде коронавирус өршіп тұрған кезде де мұндай инфекциялар көп болған жоқ. Ал қазір ауруханаға келетін науқастар артқан. Менің ойымша, ауруды асқындырып алмас үшін біз ковид кезіндегі тәжірибені қолдануымыз керек. Яғни, ауыр хәлдегі науқастарды ауруханаға жатқызып, ал ауруы жеңіл түрде өтіп жатқандарды үйіне қайтарып, оқшаулау қажет.

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 https://www.youtube.com/@informburo31kanal
Informburo kz https://www.youtube.com/@informburokz2022
Facebook — https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram — https://instagram.com/informburo31
Vkontakte — https://vk.com/informburo31
TikTok — www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.